$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нью-Йоркте соңғы 65 жылда алғаш рет акула адамға шабуыл жасады

AstanaTV
09.08.2023ж. 12:47
1065
Нью-Йоркте соңғы 65 жылда алғаш рет акула адамға шабуыл жасады

Нью-Йорк билігі 65 жастағы әйелге акула шабуыл жасағаннан кейін танымал Rockaway Beach жағажайын жапты.

Құтқарушылар зардап шеккен әйелді судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер әйелдің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін айтты. Акула оның жамбасын терең тістеп алған.

New York Times газетінің полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, шабуыл салдарынан әйел 9 келіге жуық салмақ жоғалтқан.

Акулалардың адамдарға шабуылын қадағалайтын Global Shark Attack File веб-сайтының мәліметіне сәйкес, Нью-Йоркте соңғы рет 1958 жылы осындай оқиға болған.

«Жәбірленуші толық сауығып кетеді деп үміттенеміз», - делінген қалалық саябақтар бөлімінің хабарламасында. — Бұл оқиға үрей тудырғанымен, біз Нью-Йорк тұрғындарына бұл жағажайда акулалардың адамға шабуыл жасауы өте сирек кездесетінін еске салғымыз келеді».1837 жылдан бері Нью-Йорк штатында акулалар адамға 20 рет шабуыл жасаған.

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул жергілікті билікке акулаларды жағалауға жақын жерден бақылай алатын қосымша дрондар берді, бұл құтқарушыларға қажет болған жағдайда сақтық шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Акулалардың соңғы шабуылынан кейін құтқару тікұшақтары теңіз жыртқышын іздеп, аумақты тінтіп шықты, бірақ ештеңе таппады.

Нью-Йорк қаласының өрт сөндірушілері мен полициясы іздеуді жалғастыруда, бірақ сейсенбі күні жағажайда серфинг пен жүзуге рұқсат берілмеді.