Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазандықтардың тозуы 1,2%-ға төмендейді

09.08.2023ж. 20:00
647
Қазандықтардың тозуы 1,2%-ға төмендейді

Алматыда жылыту маусымына дайындық пысықталып жатыр. Қазірдің өзінде мерзіміне сай 5 шағын қазандық пен 9 су жылыту қазандықтары толық дайын. Олардың қосалқы жабдықтары жөндеу мен ауыстырудан өтті. Бүгін «Алматыжылужайэнерго» өкілдері Медеу ауданында толық жөндеуден өткен 47-і және 48-і мектептердің қазандықтырына тексеріс өткізді.

Абзал ЖАҒЫППАРОВ, «АЛМАТЫЖЫЛУЖАЙЭНЕРГО» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЗАНДЫҚТАР ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Мына қазандық 48-і мектеп деп аталады 1964 жылы салынып, іске қосылған. Содан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы маусымаралық жөндеу науқанында мектептің ғимаратының жөндеу, үлкейуіне байланысты қазандықтың қуатын үлкейтуге тура келді. Ғимараттың бәрін жылумен жабдықтау үшін котельныйдың қуаттылығын 0,63 тен 0,9 Гкал-ға дейін көтердік. Жылыту маусымына қазіргі күнде қазандықтықтардың 70% дайын деп айтсақ болады.
Нысанда барлық жөндеу жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізіліп, қазіргі уақытта жылыту маусымына толық дайын. 2023 жылдың соңында қазандықтардың негізгі құралдарының тозуы 1,2% - ға төмендеуі болжанып отыр, бұл күзгі-қысқы кезеңде көрсетілетін қызметтердің сенімділігін қамтамасыз етеді.

Әсел БӨДЕНЕЕВА, АЛМАТЫ Қ. БОЙЫНША ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшуді қамтамасыз ету мақсатында «Алматыжылужайэнерго-ға» қосымша қаражат бөлініп, инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
2023 жылға өзгерістерді ескере отырып барлығы 1,89 миллиард теңге бекітілді, оның ішінде қосымша іс-шаралар сомасы 1,6 миллиард теңге, соның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 1,15 миллиард теңге бөлінген. Бұл шаралар 2023 жылдың аяғына дейін тозуын 1,2% төмендетуге бағытталған.
Жоспар бойынша мекеме жылдың соңына дейін 4 жаңа қазандық орнатуды көздеп отыр.