$485.11 €523.82 ₽5.02
×

"Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады", - Президент.

10.08.2023ж. 20:00
2112
"Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады", - Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Мемлекет басшысы хакім Абайдың ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын және насихаттауды жалғастыра беретінін атап айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады.