Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

«Жастар Рухы» Жастар қанаты Абай күніне орай шығармашыл жастармен кездесу кешін ұйымдастырды

10.08.2023ж. 20:00
901
«Жастар Рухы» Жастар қанаты Абай күніне орай шығармашыл жастармен кездесу кешін ұйымдастырды

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Абай күніне орай шығармашыл жастармен кездесу кешін ұйымдастырды. Шараға 120 дан астам таланттылар қатысты. Кеште шығармашыл жастар ақын, жазушылармен пікір алмасып, Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып, қара сөздерін насихаттады.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Абай атамыздың тағылымы, қазынасын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында түрлі шаралардың кешенің өткізіп жатырмыз. Әсіресе аймақтарда. Әртүрлі саладағы жастарды, жұмысшы жастарды, ауыл жастарын өлеңге Абай атамыздың қара сөзіне, әндеріне соны орындау мақсатында түрлі жастарға икемді шаралар өтіп жатыр.

Батырхан СӘРСЕНХАН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК «ДАРЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Қазақтың іргетасын қалауға бірден бір атсалысқан үлкен тұлғамыз. Ұлт ретінде қалыптасуымыздың алғы шартын жасады Абай. Ағылшындар да бір сөз бар құшаққа сыймасты құшақтай алмайсын Шекспирге қатысты айтылған. Сол сияқты құшақтап рухани құшақтап өлең жазу үшін құшағын Абай сияқты рухани үлкен болуын керек.