Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Ақын әлемі әлі де зерттеуді қажет етеді", - ғалым

"Ақын әлемі әлі де зерттеуді қажет етеді", - ғалым

Құндызайдың жас болса да Абайдың өлеңдеріне деген қызығушылығы ерекше. Бүгінде 20-ға жуығын жатқа біледі. Ол ақын әлемін танып-білуіме қара сөздері түрткі болды дейді. Бүгінде жетекшісімен кітапханаға барып, Абайдың өлеңдерін талдауды дәстүрге айналдырған.

Құндызай АЙТБАЙ, ОҚУШЫ:

Абайды бастауыш сыныптан бері қызығып келемін. Әсіресе, оның қара сөздеріне. Жалпы мен Абайды философиялық тұлға ретінде жақсы танимын. Абайдың ойлай қабілеті, бір ойды тереңнен жақсы түсіндіретіні маған қатты ұнайды.

Абайдың өлеңдері ғана емес, қара сөздері де бүгінде көптің аузында. Дегенмен оның кейінгі ұрпаққа қалдырған мол мұрасы әлі зерттеуді қажет етеді. Филология ғылымдарының кандидаты Алдажар Әбілов осындай пікірде. Ал кемеңгердің талғаммен жазылған туындыларын сырғыта оқу жеткіліксіз. Мәтінін талдап, мағынасын, Абай айтпақ болған ойды дөп баса білу керек дейді ол.

Алдажар ӘБІЛОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Қазір бір дәстүр болып кетті. Анадан жолдадым, мынаған жолдадым Абайдың өлеңін. Ол да керек шығар бірақ құр жаттап Абайдың не айтқанын түсінбеу, Абай не деп отырғанын білмеу, Абайдың ойы қайда, Абай айтып отырған пәл сапа не де? Оған мән бермеу қасіреттің үлкені деп есептеймін. Абай өлеңдерін оқушыға немесе кейінгі ұрпаққа жаттатқан кезде мектеп мұғалімдерінен аса жауапкершілікті талап етуіміз керек.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

 Бұл қабылғаларға Абайдың қара сөздері қашалып жазылған. Аллеяда серуендеушілер өміршеңдігін жоғалтпаған өсиетті оқып, өмірлік қағидаларына айналдырып жүр.

Абай күні елімізде 2020 жылдан бері Ұлы ақынның туған күнінде аталып келеді. Басты мақсат, бас ақынды өскелең ұрпаққа насихаттау, шығармаларының өміршеңдігін ұғындыру.