Атырауда пайдалануға берілгеніне 9 жыл ғана болған балабақша апатты деп танылды. Алмагүл ықшамауданында орналасқан 28 балабақшаның қабырғалары жарылып, сараптама осындай қорытынды берген. Салдарынан ата-аналардың Индиго сайты арқылы әупірімдеп алған жолдамасы жарамсыз боп қалған. Оларға алдын-ала ескертпестен, жабылатынын бір күн бұрын ғана хабарлаған.
Алма КЕНЖЕБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бізді вокзал маңындағы 5 садикке бөлеміз деп айтты. Бұл садиктер біздің үйден алыс біріншіден, ертең жаңбырлы күні қысты күні қалай тасымалдаймын? Автобустар жүрмейді.
Жағдай балабақшадағы 300-ге тарта ата-ананы ғана емес, осында қызмет ететін 70-ке жуық қызметкерді тығырыққа тіреді. Олар қысқартуға жібермей, жұмыс тауып берсін,- дейді олар.
Гүлмира БАЛҚАНОВА, №28 БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ:
Менің кредитімді кім төлейді? Өзім қара басымда мүгедек балам бар. Әрқайсысымызға жұмыс тауып беруді талап етіп отырмыз. Бізді орналастырсын, себебі жалғыз мен емес, нянка, күтушілер бар,тех персоналдар бар, ол ардың бәріне талап етіп отырмыз.
Қалалық білім бөлімі апатты деп 25-шілде күні танылғанын айтты. Ал Индиго сайтына мамыр айында берілген.
Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Оларды да заңдылығына қарай алдына ала хабарлама беріп, сол жердегі, және басқа бос орындар тұрған балабақшаға жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Балабақшаға күрделі жөндеу жүргізіле ме, әлде қайта салына ма, ол жағы әзір белгісіз. Белгілісі балалардың орны сақталмайды.