Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қостанайда жарық сәулелі, әуенді субұрқақ іске қосылды

11.08.2023ж. 20:00
868
Қостанайда жарық сәулелі, әуенді субұрқақ іске қосылды

Қостанайда жарық сәулелі, әуенді фонтан іске қосылды. Ерекше субұрқақ – шаһардың ажарын ашып, көркін келтіре түсті. Түнгі қалаға өзгеше сән берген ғажайыпты тамашалауға келген халықтың қарасы көп. Тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Балдырған ҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен осы қалада 17 жыл тұрамын.Бүгін мынау әуенді фонтан ашылып жатыр. Бұл фонтанды қызықтаушылар көп.Бәрі әдемі. Қала жылдан-жылға көркейіп, өсіп жатыр.

Жанерке ЕЛЕУСІЗОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін біз отбасымызбен фонтанның ашылуына келіп отырмыз.Бізде бұрын соңды мұндай әуенді субұрқақ болмаған. Қуаныштымыз.

Биыл қаладағы 6 станционарлық субұрқақ қайта жөнделеді. Бұл мақсатқа қазынадан 280 миллион теңге бөлініпті. Ал Қостанай тарихында бұрын - соңды болмаған сәулелі, әуезді фонтанның құрылысына 130 миллион теңге жұмсалған. Құрылымы күрделі субұрқақ компьютер арқылы басқарылады. Көкке өрлеген сулар түрлі әуенмен мың құбылып, айналасына сәуле шашқандай әсер қалдырады.

Данияр СӘБИТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қала күні қарсаңында тағы екі субұрқақ іске қосылады. Олар университет пен Француз орталығының жанында. Қазіргі кезде ол маңайдың тас төсеніштері жаңартылып, сәнді гүлзарлармен безендіріліп жатыр.Жалпы қаланың орталығы биыл өзгеріп, жаңа кейіпке енді.

Жуықта ғана іске қосылған жаяу жүргіншілер субұрқағы да қалалықтардың суретке, жас жеткіншектердің суға шомылатын орнына айналды. Шаһар билігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және қоғамдық тәртіпке бағынуға шақырады. Әсіресе, кішкентай балалардың ата-анасы сақ болғаны абзал.