Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

117 мыңнан астам қазақстандықтың шетелге шығуына тыйым салынған

AstanaTV
11.08.2023ж. 16:57
1114
117 мыңнан астам қазақстандықтың шетелге шығуына тыйым салынған

117 мыңнан астам қазақстандықтың шетелге шығуына тыйым салынған. Бұл туралы Әділет министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылдың 24 шілдесіндегі жағдайға сәйкес, жалпы атқарушылық іс жүргізу бойынша Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелген азаматтардың саны – 117 381 адам. Олардың берешегі 2 трлн теңгеден аса сомманы құрайды», - деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, ведомство елімізде балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға қатысты деректермен бөлісті.

«Жалпы, алимент төлеуден жалтарып жүрушілер проблемалық алименттер санатына жатады, яғни олар – іздеу жарияланғандар, мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі барлар, алимент төлеуден қасақана жалтарып жүргендер. Алимент бойынша борышкерлердің саны 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 316 адамды құрады», - деп нақтылайды министрліктен.