Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Солтүстік Македонияда Қазақстанның елшілігі ашылады

11.08.2023ж. 20:00
1018
Солтүстік Македонияда Қазақстанның елшілігі ашылады

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады. Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталған ол, Скопьеде Қазақстан елшілігін ашу туралы шешімін жеткізді. Өз кезегінде Буяр Османи ұйым Қазақстанмен өзара байланысты дамытуға баса назар аударып отырғанын айтты.