Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атыс, айқай-шу: Ақтауда бассыздық жасаған кортеж видеоға түсіп қалды

AstanaTV
11.08.2023ж. 18:57
921
Атыс, айқай-шу: Ақтауда бассыздық жасаған кортеж видеоға түсіп қалды

Желіде Ақтаудағы 16-шағынауданда түсірілген кортеждің видеосы пайда болды. Кадрлардан атыс пен айғай-шу естіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде бірнеше жол талғамайтын көлік пен жеңіл көліктер қатысқан кортеж түсірілген видео пайда болды. Кадрларда атыс пен айғай-шу естіледі. Видеодан көліктердегі жолаушылар терезеден шығып, айғайлап, кейбірі көліктің сыртына тұрып алғаны көрінеді. Бұл ретте оқиғаның бәрі тұрғын үйлер маңында түнгі уақытта болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 11 тамызға қараған түні Ақтау қаласының 16-ықшамауданында болған. Оларды арнайы жасақ ұстаған.

Lada.kz редакциясы Маңғыстау облысының Полиция департаментінен пікір күтіп отырғаны айтылды.