$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Ақтөбеде арнайы аттестациядан өткізілген 61 имамның әрбір алтыншысы сыннан сүрінген

AstanaTV
28.10.2016ж. 20:00
1635
Ақтөбеде арнайы аттестациядан өткізілген 61 имамның әрбір алтыншысы сыннан сүрінген

Ақтөбеде арнайы аттестациялаудан өткен 61 имамның әрбір алтыншысы сыннан сүрінген. Сондықтан олардың орнына еліміздің әр аймағынан іріктелген тәжірибелі имамдар шақыртылды. Бұл туралы Бас прокурор Жақып Асанов мәлімдеді. Экстремизммен күрес мәселелері бойынша құрылған арнайы комиссия өз жұмысын қорытындылады.

Осыдан бір ай бұрын Ақтөбеге арнайы келген 230-ға тарта маман жеті бағыт бойынша екі жарым мыңнан астам шара өткізген. Кәсібін бастаушыларға - несие, жағдайы жоқтарға - жәрдемақы тағайындалуына септесті. 108 әкімге  халықпен етене жұмыс істеуге кеңес берілді. Негізгі салмақ дін саласының мамандарына түскен. Әсіредіншілдік, теріс ағымдар етек жайған өңірдегі басты мәселе - осы. Бас прокурордың айтуынша, қылмыскерлердің дін атын жамылып әрекет етуіне халықтың діни сауатының төмендігі ықпал етеді.

Экстремизм туралы бізге көп сұрақ қойылды. Олар кімдер, неге мұндай қылмыс жасап жатқанын білгісі келді. Теріс ағымнан балаларын қалай сақтауды сұрады. Бұл біздің халқымызға жат нәрсе ғой деп айтып жатты. Радикалдардың басым көпшілігі бұрын сотталған, кәдімгі қылмыскер, өмірінде Құранды қолына ұстамаған, діннен хабары жоқ, отбасынан безген, бауырларын, туыстарын қадірлемейтін қараңғы, сауатсыз адам. Осыны ескеріп, олармен жұмыс тәсілін өзгертуіміз қажет.