$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Польшада табанында құлпы бар "вампир баланың" қаңқасы табылды

AstanaTV
14.08.2023ж. 09:51
1288
Польшада табанында құлпы бар "вампир баланың" қаңқасы табылды

Польшаның Пень қаласындағы "адасқан рухтар" зиратынан археологтар XVII ғасырда өмір сүрген, тобығында үшбұрышты құлпы бар "вампир баланың" қаңқасын тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Tengri Life” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, вампиризмге күдікті марқұмдардың тобығы немесе үлкен саусақтарына көрден көтерілмеуі үшін құлыптар бекіткен.

“Сонымен қатар, кейбір адамдарды бетін жерге қаратып жерленген. Ол күндері вампир осылайша жерді кеміріп, тірілерге зиян тигізбейді деп есептелген", - деп түсіндірді Николай Коперник университетінің археологы Дариуш Полинский.

Археологтар қорымнан 30-дан астам басқа да бейіттерді тапты. Олардың айтуынша, мұнда басқаларды"тірі кезінде ғана емес, өлгеннен кейін де қорқытқан" адамдар жерленген. Баланың бейітінің жанынан зерттеушілер тағы үш балаға тиесілі сүйектердің шоғырын және жасыл түсті жақ сүйегінің бөлігін тапты. Зерттеушілердің пікірінше жасыл түс марқұмдардың аузына салынған мыс тиыннан пайда болған деп санайды.

Бұл өңірде марқұмның бас сүйегіне темір қазық қадалған көне қорымдарды жиі кездестіруге болатын көрінеді. Сол кездегі адамдар өлілер ешқашан көрден қайта тірілмейді деп сенген. Континенттің кейбір бөліктерінде вампирлер туралы аңыздарға деген сенімнің кең етек алғаны сонша, ол жаппай жүйке ауруын тудырып, тіпті вампир деп күдіктенген адамдарды өлім жазасына кескен.