Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ерлан Қошанов Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

14.08.2023ж. 20:00
792
Ерлан Қошанов Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

Баянауылда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президенттің құттықтау хатын оқыды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы халқымыздың ауыз әдебиетін, шежірелі тарихын және салт-дәстүрін жан-жақты зерделеп, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Халықты өнер, білімге шақырған өлеңдері мен толғаулар, дастандар мен қисалар жазып, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтті. Терең таным мен телегей білімнің арқасында елге танымал болып, Мәшһүр атанған абызды ұлықтап, еңбектерін жұрттың жанында жаңғырту баршамыздың ортақ парызымыз. Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мәжіліс төрағасы Ертіс-Баянауыл өлкесі ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі топырақ екенін атап өтті. Солардың бірі де, бірегейі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ақын өлеңдері мен көсемсөзі қазақ руханиятының алтын қорынан ойып тұрып орын алатынын айтты. Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы, жыршы-термешілер байқауы, көкпар, бәйге мен қазақ күресінен жарыс өтті.

https://youtu.be/H42kOZUd0Jc