Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қостанайда азаматтық форум өтті

14.08.2023ж. 20:00
726
Қостанайда азаматтық форум өтті

Қостанайда алғаш рет халықаралық азаматтық форум өтті. Еліміздің және шетелдік сарапшылар «Халықаралық серіктестік: өңірлік аспект» тақырыбын талқылады. Келелі кеңес аясында олар өзара пікір алмасып, билік һәм бизнес және қоғам арасындағы байланысты нығайту жөнінде ой толғады.
Қазақстанда азаматтық сектордың белсенділігі жыл санап артып келеді. Қостанай облысында соңғы 3 жылда үкіметтік емес ұйымдардың қатары 30 процентке өсіп, бүгінде саны мыңнан асқан. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі де қомақты.

Абылайхан КӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл 1 миллиардтан астам теңге сомасын құрап жатыр. Бұл қаражаттың аясында азаматтық қоғамды ынталандыруға бағытталған жобалар қатары жалпы алғанда облыс бойынша 300 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Астықты аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар қоғамның негізгі жиырма бағыты бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Қоғамдық бірлестіктер қызметі сан саланы қамтып отыр. Азаматтық сектор белсенділігі алыстағы ауылдан да байқалады.

Ерлан СПАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 Жүйелі жұмыстардың арқасында үкіметтік емес ұйымдардың саны ауылдық жерлерде артып келеді. Мысалы, 2018 жылы олардың үлесі небәрі 25%-ті құраса, бүгінде 40%-тен асқан.
Азаматтық қоғамның арқалаған жүгі ауыр. Әсіресе халықаралық серіктестікті нығайту жолында үлкен міндет жүктелген. Жиында шетелдік сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдағы түрлі түйткілді шешу жолдарын түсіндірді.

Наут Ван ВАУДЕНБЕРГ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз 2 жыл бұрын Қостанайдағы полиция академиясы мен Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жеке басқа қатысты ақпаратты жариялауды демократиялық негізге келтіру төңірегінде біраз жұмыс істедік. Сол жобамыз сәтті шықты деп ойлаймын.
Форумға қатысушылар өзара пікір алмасып, әлеуметтік әріптестік беки түсті. Халықаралық сарапшылармен іскерлік байланыс орнады.

https://youtu.be/zFBx099qdPw