Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Халықаралық жастар күніне орай «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті

14.08.2023ж. 20:00
682
Халықаралық жастар күніне орай «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті

Елімізде алғаш рет «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті. Оған әртүрлі жастағы 300-ден астам адам қатысты. Сайысты «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен Спорттық би федерациясы қауымдастығы ұйымдастырды. Жарыс «Есірткіге жол жоқ!» жобасы аясында қолға алынған. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, бос уақытын пайдалы әрі белсенді өткізуге, нашақорлықтан аулақ болуға шақыру.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Тек қана би ғана емес, біз бұның ішінде есірткіге қарсы әр түрлі бастамаларды талқылап, осы азаматтармен жаңа жобаларды іске қосуды сөйлесіп, талқылап жатырмыз. Бұл жерде тек қана бишілер ғана емес, түрлі спорт өкілдері бар. Басқа да ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Үздік бишілерді қазылар алқасының мүшелері 6 номинация бойынша анықтады. Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.

Айдос АМАНЖОЛОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Шынымды айтсам, жеңеміз деп ойламадық. Өйткені топ болып жиналғанымызға көп болған жоқ. Қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымын.

https://youtu.be/VOA0mQXaLec