Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Жеңімізге су тимесін", - өрт сөндіруші

14.08.2023ж. 20:00
589
"Жеңімізге су тимесін", - өрт сөндіруші

"Жеңімізге су тимесін". Бұл өрт сөндірушілер кезекшілікті тапсырарда бір-біріне айтатын сөзі. Яғни, "төтенше жағдай болмасын" деген ақжарма тілектері. Тілсіз жау айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан олар үнемі дайындықта болуы керек. Олар жәй ғана оқу-жаттығу кезінде 54 түрлі нормативтік әзірліктен өтеді. Қызыл жалынмен күрес кезінде тосырқап қалмас үшін. Өрт өтінде өмірін өткізіп жатқан жандардың жұмысымен әріптесім Сүндет Оралбек танысты. {СЮЖЕТ}

Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Өрт сөндіру қызметі - әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі. Тілсіз жаудың тілін тауып, қызыл жалынды ауыздықтайтын мамандардың ісі нағыз ерлік. Олар отқа оранған үйден түтінге тұншыққан адамды аман алып шығу үшін жанын беруге дайын.
Ержан "жеңімізге су тимейсін" деген тілекпен кезекшілікті қабылдап алды. Техникаларды мұқият тексеріп шықты.

Ержан ҚУАНЫШБЕКОВ, №2 МӨСБ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Өрт сөндіру құрылғыларын жіті тексереміз. Өйткені сол арқылы біз адам өмірін құтқарамыз. Әрбір құрал техникалық нормаға сай және өз орнында тұру керек.

Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Жігіттер сын сағатта сүрінбес үшін шеберліктерін осындай қиын жаттығулар арқылы шыңдайды. Өрт сөндірушілерге физикалық тұрғыдан мықты болу жеткіліксіз. Моральдық, психологиялық тұрғыдан да дайындықтан өтеді. Менде қазір жігіттермен бірге оқу-жаттығу жұмыстарына қатысамын.

Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Маған берілген тапсырма мына арнайы құрылғыларды діттеген жерге жеткізу. Сырт көзге оңай секілді көрінеді. Бірақ іске келгенде қиын.
Менің қолымдағы қолғап өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдету үшін арнайы жасалған. Бірақ осының өзімен жұмыс істеу оңай емес. Ал енді оқыс оқиға кезінде отпен бетпе-бет келіп, оны сөндірудің қаншалықты күрделі екенін өзіңіз ойлап көріңіз.
Қызыл жалын. "Құтқар" деп айқалаған дауыс. Үрейіңді қашыратыны анық. Ал өрт сөндірушілер бұның біріне де тосылмайды. Қолдан келгенше қызыл жалынмен күреседі. Бастысы су мен көбіктің жеткілікті болуын байланысшылар бақылап отырады.

Айгүл ХАМИТОВА, РАДИО-ТЕЛЕФОНШЫ:
Шығыс мекен-жайын жолдама арқылы өрт сөндірушілерге беремін. Олар шақырту орнына барады. Өртке оранған нысан туралы мәліметті тез аламыз. Жақын маңдағы су гидронттар туралы қосымша ақпаратты береміз.
Еліміз тәуелсіздік алғалы төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істеген 69 адам қызмет барысында қайтыс болған. Биыл Абай облысындағы алапат өрттің өзінен 14 адам көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастарын қатерге тігіп, өлім мен өмірдің арасында қызметтік борышын атқаратын мамандардың айлығын көтеруге бұйрық берді.

Ерболат ЕСЕНҒАРИН, 2-МӨСБ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Биылдан бастап 70 пайыз жалақы қосты. Ол әжептеуір көмек бізге. Рядовой составтар бұрындары 110-120 алса, қазір 180-ге дейін алады. Тәжірбиесі жоғары, бұрыннан жұмыс істейтіндер 350 мыңға дейін алады.
Жалақысы аз, қауіптілігі жоғары мамандыққа қызығушылық танытатындар жоқтың қасы еді. Салаға көңіл бөлінгелі жастардың да ынтасы оянған.