Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлаған жігіт сотталды

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлаған жігіт сотталды

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлаған жігіт сотталды. Қаладағы көлік жөндеу орталықтарының бірінің иесі полицияға темір жәшікте тұрған ақшасының қолды болғанын айтып арызданған. Оқиға орнында жұмыс істеген жедел-тергеу тобы ғимарат маңындағы бейнекамераларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол сол орталықта дөңгелек жөндеумен айналысатын жұмысшы болып шықты. Оңтайлы сәтті пайдаланған жас жігіт түн ортасында көлік жөндеу орталығына терезе арқылы кіріп, сейфтен ақшаны алып, ізін суытқан. Түркістан облысының 23 жастағы тумасы қала аумағында ұсталды. Анықталғанындай, ер адам сейф ішінде қомақты қаражат сақталатынын байқап, қылмысқа алдын ала дайындалған. Ол ұрланған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген.

Бағдәулет ОРАЗБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

 Тергеуші оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар мен жинақталған іс құжаттарын сотқа жолдады. Сот шешімімен айыпталушы 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан арылды.