Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақтөбеде төрт бірдей мұғалім көз жұмған жол апатына қатысты сот отырысы басталды

15.08.2023ж. 20:00
1054
Ақтөбеде төрт бірдей мұғалім көз жұмған жол апатына қатысты сот отырысы басталды

Ақтөбеде төрт бірдей мұғалім қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы басталды. Қайғылы оқиғаға оралдық такси жүргізушісі айыпталып отыр. Еске сала кетейік, бұл оқиға биыл 1 маусым күні болды. Оралдан Ақтөбе қаласына диплом алуға келе жатқан алты бірдей ұстаз мінген «Ларгус» - жүк көлігіне келіп соққан. Жол апаты Самара-Шымкент тас жолында Қобда ауданы Өтек ауылы маңында орын алды. Үш адам оқиға орнында қаза тапты. Бір адам ауруханада жан тапсырды. Қалған екі адам ауыр жарақат алған болатын. Айта кетейік, сот отырысына жәбірленушінің жақындары қатысты. Сотта жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындап, болған жағдайға қатты өкінетінін жеткізді.

Асылжан ҚОШТАН, СОТТАЛУШЫ:

Жалпы ұйқым қанық. Ішпегенмін. Оңдай жағдай болған жоқ. Бәрі жақсы болды. Жалпы соңғы рет Жымпиты ауданынан заправка жасап шыққаным есімде бар. Содан кейін болған жағдай есімде жоқ. Болған жағдайға қатты өкінемін. Жәбірленушіден кешірім сұраймын.

Жүргізушінің кінәсі толық дәлелденсе 5 жылдан 10 жыға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.