Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Криштиану Роналду екі қазақстандық азаматтың Instagram парақшасына жазылған

AstanaTV
16.08.2023ж. 10:47
935
Криштиану Роналду екі қазақстандық азаматтың Instagram парақшасына жазылған

Криштиану Роналду Instagram желісінде 600 миллион оқырман жинап, өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ, ол екі қазақстандықтың желідегі парақшасына жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роналду Instagram желісінде 600 миллион оқырман жинаған алғашқы адам атанды. Оның өзі де бірқатар өнер және спорт жұлдыздарына жазылған. Роналдудың өзі 566 аккаунтты қадағалайды. Олардың ішінде екі қазақстандық та бар. Атап айтар болсақ, әлем футболының жұлдызы Криштиану даңқты боксшы Геннадий Головкин мен 15 жастағы ерекше бала Әли Тұрғынбеков бар. Бір қызығы, Головкиннің өзі Роналдуға жазылмаған. Ал дамуында ерекшелігі бар Әли мен Роналду 2019 жылы Хабиб Нурмогамедовтің мұрындық болуымен танысқан еді. Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша екінші орында Лионель Месси (482 миллион), үшінші орында Селена Гомес (417 миллион) тұр.