Батыс
Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы ауыл тұрғындары жергілікті Ембулатовка
өзеніне мұнай қалдықтары төгілгенін айтып отыр. Өзенде балықтардың өлуін де
осыдан көреді. Жергілікті мамандар мұны растамағасын, ауылдықтар өзен суының
сынамасын Ресейдің зертханасына жолдапты. Әріптесім Еркін Карин тақырыпты
тарқатады.
Еркін
Карин, тілші:
Өзен
суының түсі өзгергенін байқаған тұрғындар дабыл қаққан. Олар балықтардың өліп
жатқанын айтады. Бұған өзенге мұнайдың төгілуі себеп болды деген болжам да
жасап үлгерген. Алайда мамандар мұны жоққа шығарды. Ал Ресейдің Орынбор
қаласындағы «Әлеуметтік технологиялар орталығы» зертханасы өзен суының
құрамында темірдің қалыпты мөлшерден сәл көбейгенін анықтаған. Бірақ ол қалыпты
жағдай көрінеді.
Наталья
Богатова, РФ Орынбор қаласындағы «Әлеуметтік технологиялар орталығы»
зертханасының меңгерушісі:
Бізге
жіберілген сынамаларда темірдің қалыпты мөлшерден көп екені анықталды. Ал,
мұнай қалдықтары аса көп емес. Норматив бойынша өзен суының әр литрінде 0,1
миллиграмм темір болуы керек. Бұл өзендегі көрсеткіш 0,3 миллиграмм. Бірақ
Қазақстан басқа мемлекет болғандықтан, ондағы жағдайдың қалай екенін нақты айта
алмаймын.
Жергілікті
тұтынушылар құқын қорғау департаменті мамандары да жағдайдың қалыпты екендігіне
сенімді. Олардың сөзінше, Ембулатовка өзенінің көлемі шағын. Суы тартылғасын,
айналаны шөп басып, жазда кеуіп қалады. Су азайған жерде оттегі де азаяды, ауа
жетпей деміккен балықтар өле бастайды. Ал өзен суының қараюы мұнай
қалдықтарының төгілуінен емес, кәдімгі табиғи себептерден болған құбылыс, - дейді.
Сергей
Щербин, БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін
атқарушы:
Мұндай
жағдай әрбір 4-5 жыл сайын қайталанып тұрады. Сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ.
Су құрамынан мұнай қалдықтары табылғаны рас. Бірақ қазір мұнай қалдығы жоқ
жерді таппайсыз. Өзен шағын болғасын, суының иістенуі - қалыпты құбылыс.
Еркін
Карин, тілші:
Дейтұрғанмен
балықтардың нақты неден өлгенін ешкім дөп басып айта алмай отыр. Олардың саны
саусақпен санарлық. Су жануарларының өлу себебін ихтиологтар немесе
ветеринарлар тексере ма, жоқ па - ол жағы әлі белгісіз.
Еркін
КАРИН