Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Электронды темекіні шамадан тыс шеккен жасөспірім қаза тапты

AstanaTV
17.08.2023ж. 12:14
733
Электронды темекіні шамадан тыс шеккен жасөспірім қаза тапты

Мәскеуде 16 жастағы жасөспірім электронды темекіні ыстық ваннада шамадан тыс шегіп, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әпкесінің айтуынша тоғызыншы сынып оқушысы электронды темекі шеккенді ұнатқан. Тіпті өткен жылы ол қоғамдық жерде темекі шеккені үшін тіркеуге алынған. Бала үйге 13 тамыз күні кешке келген. Сағат он бірде ол демалу үшін ванна бөлмесіне барып, сол жерде электронды темекісін тартып, бүкіл пәтерге тәтті иіс тараған.

Бір сағаттан кейін жігіттің жағдайы нашарлай бастаған. Оның жүрегі айнып, кереуетінің жанына су қойып, төсегіне жатып қалған. Таңғы сағат алтыда әпкесі жұмысқа кетер алдында жиенін тексеріп, дем алып жатқанын көреді. Ал күндізгі сағат он екіде әпкесінің қызы оған қоңырау шалып, жігіттің оянбағанын айтады. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер оның өлімін анықтаған. Өлімнің нақты себебін медициналық сараптама анықтайды.