Танымал әнші Луина әлеуметтік желіде ата-анасы, отбасы туралы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Менің оқырмандарым менің кім екенімді, қайда туғанымды түсінбей жатыр. Анам мен оның ата-анасы Ресейдің Астрахань қаласы, Қамысөзек ауданынан. Анам жас кезінде Қазақстанның Жаңаөзен қаласына келіп, әкемді кездестіреді. Кейін мен дүниеге келдім. Біз Жаңаөзенде көп тұрмадық. Анамның туған жері Астрахань қаласына көшіп кеттік. Үш жасымда ата-анам ажырасып кетті. Бес жасқа толғанда анамнан айырылып қалдық. Әлі күнге дейін анамның не тірі, не өлі екенін білмейміз”, – дейді Луина.
Анасы із-түссіз жоғалып кеткен соң кішкентай Луинаның өмірі түбегейлі өзгерді.
“Біздің ғана емес, жақындарымыздың да өмірі өзгеріссіз қалмады. Атам мен апам ағам екеуімізді Ақтау қаласына көшіп келді. Осылайша біз 1994 жылы анам қалағандай Қазақстанға келдік. Астраханьда көп туыстарымыз қалды. Әр жазғы демалыс сайын аға-әпкелерімізге, бауырларымызға баратынбыз. Жақында іс сапармен Астрахань қаласына бардым. Араға 7 жыл салып жақындарыммен қауыштым”, – деп жазды өнер иесі.
Бұған дейін Луина анасының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтқан болатын.