Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақерке Бүркітбай көпшілікті сұлулығымен тамсандырды

AstanaTV
17.08.2023ж. 14:17
1993
Ақерке Бүркітбай көпшілікті сұлулығымен тамсандырды

Отандық әнші Әли Оқаповтың жұбайы көпшілікті сұлулығымен таңғалдырды. Ақерке Бүркітбайдың Instagram парақшасында жариялаған видеосы желіде көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы ән менің жаңа контентке шабытымды ашты. Бағасын беріңіздер", - деп жазды Ақерке Бүркітбай. Әнші видеосының фонына жұбайы Әли Оқаповтың "Любимая" атты әнін қойған. Видеода Ақерке Бүркітбай алдымен бояусыз келбетімен көзге түседі.

Ал сәлден соң Оқаповтың жұбайы видеода макияж жасатып шығады. Желі қолданушылары Ақерке Бүркітбайдың сұлулығына тамсанып, жарыса пікір жазды.

"Қазақтың айта беретін ай десе - ауызы, күн десе - көзі бар сұлуы. Қыз Жібек ,Баян сұлулардың жалғасы, Әлидің тағдыр сыйлаған аруы", "Табиғи сұлулық", "Таңғалмасқа шараң жоқ", "Әдемісіз", "Жүзіңіз жылы", - деп жазды желідегідер.