Қостанай облысындағы Ершовка елдімекенінің тұрғындары бес жылдан бері ауыз суға жарымай отыр.Мердігер жұмысты межесіне жеткізбей,ауылға су өткізбей ауысуда. Партиялық бақылаудың арқасында құрылыс қарқын алды. Күзге қарай тұрғындар тіршілік нәрімен қамтамасыз етілмек. Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка екпінді елді мекен қатарында.Жергілікті серіктестік басшылары жерлестеріне жағдай жасап, аядай ауылды көркейтуге атсалысып келеді.Алайда су құбырын тартуға, мәдениет үйін салуға қомақты қаражат қажет. Қос нысан құрылысына қазынадан ақша бөлініп, қазығы қағылған.Бірақ мердігер жұмысты мерзімінде атқармай, созып жіберген көрінеді.
Еркін ӘБІЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Сатып алу заңымен байланысты көптеген сұрақтар бар.Заң бойынша онымен келісімді бұзып, жасауға болады. Бірақ онда бұл жоба келесі жылға дейін қалады.Биыл бітіруге жол іздеп жатырмыз. Орындаушылармен сөйлесіп, әкімдікпен сөйлесіп қандай қауіптер бар? Күзде Ершовкада су болуы керек.
Түйткіл туындаған құрылыс алаңдары «AMANAT» партиясының жіті бақылауында. Ауылдағы мәдениет үйінің де құрылысы созылып барады. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік маңызы бар нысанның басына барып, мердігермен тікелей сөйлесіп мәселенің шешу жолдарын қарастыруда. Өйткені ел игілігіне бағытталған игі жобалар партияның сайлауалды бағдарламасында тайға таңба басқандай белгіленіп, жол картасы шеңберінде жүзеге асып жатыр.
Бағытжан АҒЫТАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Үлкен мәдениет үйін салып жатыр.Енді Алла бұйыртса су болады.Жаңа үйлер салынып жатыр.Футбол алаңы бар.Балаларға арналған орын бар.Емхана бар.Мектеп бар.Балабақша бар.