$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Доллар неге қымбаттап жатыр?

17.08.2023ж. 20:00
1665
Доллар неге қымбаттап жатыр?

Доллар қымбаттап барады. Оған не себеп? Қаржыгерлер не дейді? Осы және өзге де ақпараттар "ЭКОНОМИКА" топтамасында.

Ар ма, көрермен! Эфирде Экономика жаңалықтары, студияда, мен- БС.

ДОЛЛАР КҮРТ КӨТЕРІЛДІ

Доллар қымбаттап барады. Бүгін қор биржасындағы саудада АҚШ валютасы бірден 13 теңгеге көтерілді. Сонымен қазір 1 доллар-468 теңге. Оның бұлайша құбылуына қаржыгер Расул Рысмамбет 3 нәрсе себеп болуы мүмкін дейді. Соның бірі -тамыз айындағы бюджеттік түзетулер. Өйткені, бізде дәстүр бойынша бюджет тамыз айында қаралады. Сондай-ақ, теңге бағамының төмендеуі рубльдің тұрақты валюталарға қатысты әлсіреуімен тұспа-тұс келді. Ресей - біздің сауда-саттық саласындағы әріптесіміз. Доллардың қымбаттауы көрші елдегі инфляцияның өсуін білдіреді. Әлбетте, мұның бәрі бізге сөзсіз әсер етеді.

Расул РЫСМАМБЕТ, ҚАРЖЫГЕР:

Үшіншіден, күзге қарай ірі компаниялар қарыздарын өтей бастайды. Сондықтан олар рубль күрт арзандаған сәтті тиімді пайдаланбақ. Олар теңге де құлдырайды деген болжам жасап, доллар сатып алады. Осы 3-4 дерек сәйкес келіп тұр. Төртінші фактор. Үкімет квазимемлекеттік сектордың ұлттық компаниялары қор биржасы арқылы сатуы тиіс міндетті валюталық түсімдердің үлесін азайтқысы келеді. Осылайша, Үкімет бюджет қаржысын арттырғысы келеді. Теңге – жұмсақ валюта.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЗЫҚ-ТҮЛІККЕ ҚАНША ЖҰМСАЙДЫ?

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды. Picodi.com сарапшыларынің зерттеу нәтижесі осындай. Деректерге сенсек, азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар бойынша Қазақстан 105 елдің арасында 99-орында тұр. Бұл қатарда Өзбекстан және Анголада елдері де бар. Ал, ең төменгі көрсеткіш АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария елдерінде.

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар:

Қазақстан - 49,4%

Өзбекстан - 46,5%

Ангола - 49,7%

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар:

АҚШ — 6,7%

Сингапур — 8,4%

Ұлыбритания — 8,7%

Ирландия — 9,2%

Швейцария — 9,9%

ЕЛОРДАЛЫҚТАР КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУГЕ ЖАЛТАРЫП ЖҮР

Елорда тұрғындарының көлік салығы үшін қарызы 2 млрд теңгеден асқан. Яғни, автокөлік иелері міндетті төлемді төлеуге асығар емес. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді. {КСМ: } Арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырылып, оның барысында 97 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra секілді қымбат маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айып тұрағына қойылды.