Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ақтөбеде ескі полигонды топырақпен көму жұмыстары басталды

17.08.2023ж. 20:00
823
Ақтөбеде ескі полигонды топырақпен көму жұмыстары басталды

Ақтөбедегі полигон қоқысқа толып тұр. Тіпті өздігінен бықсып жанып, қаланы сасық иіс алып кетеді. Қазір топырақпен көму жұмыстары басталды. Ол мәселені қаншалықты шешеді?

Бұл 42 гектар аумақты алып жатқан қоқыс полигоны 2007 жылы ашылған. Қаладан 10 шақырым жерде орналасқан бұл қоқыс полигоны биыл 10 рет өртке оранған. Қала халқы қолқа қабатын сасық иістен шаршағандарын айтады.

БЛИЦ-ОПРОС:

Мен Құрайлыға екі-үш күн сайын тумаларыма барамын. Сасып жатқанда ол жерде бас қатты ауырып кетеді ғой. 2-3 км келе жатқанда Құрайлыдан бері қарай мықты сасыйды. Түтін тұрады.
Күн сайын кешке қарай сасық иіс басталады. Дем алу мүмкін емес. Терезеде аша алмайсың, ауа жоқ.
Үшінші адам: Өте зиян жасөспірімдер, балалар бар. Солардың барлығына өте зиян. Қазір екінің бірінің асқазаны ауру. Содан ауадан. Ауа таза емес.

Қазір мәселені шешу үшін полигонды толықтай топырақпен көміп, тегістеу жұмыстары басталған. Оған 200 мың тонна топырақ жұмсалмақ. Тереңдікте жиналған газ сыртқа шығып кетуі үшін 160 дана құбыр орнатылмақ.

Александр ЛИСИЦКИЙ, ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қоқыстың өртенуінің басты себебі ол жерде тереңдікте метан газы жиналып қалады. Сол түрлі заттардың әсерінен күннің ыстығында бықсып өртенеді. Енді бұдан былай осы газ жиналмас үшін арнайы құбырлар орнататын боламыз.

Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Бұл ескі полигонды жою жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Бұл мақсатқа 160 млн теңге қазына қаражаты жұмсалмақ. Енді қалада 18 гектар аумақты алып жатқан жаңа полигон жұмыс жасайтын болады. Қазір ол жерде тереңдігі үш метрлік ор қазылып, қауіпсіздік шаралары қатаң қолға алынған.