Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«AMANAT» партиясының белсенділері жатақханалардың жағдайын тексерді

17.08.2023ж. 20:00
947
«AMANAT» партиясының белсенділері жатақханалардың жағдайын тексерді

Қарағанды облысындағы 46 студенттер жатақханасының 7- еуі ғана жаңа. Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау кеңесі мен Жастар рухы –ның өкілдері талапқа сай келмейтін жатақханаларды анықтады. Белсенділер студенттік тұрақтардың жағдайына мониторинг жасады. Оқу жылы басталуға жақын, ал жастардың жатар орны тым жұтаң. Мысалы, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің жатақханасы 70 адамға арналған. Оларға бір- ақ душ, екі электр плитасы, бір қабатта жалғыз ғана розетка қарастырылған. Ғимараттағы сымдар әбден ескірген, салдарынан жарық жиі сөнеді. Мониторнг тобы тек жоғарғы оқу орындарында ғана студенттердің жатар орны жақсырақ екенін айтады. Партиялықтар апаттық жағдайдағы және жөндеуді қажет ететін жатақханаларға байланысты тиісті мекемелерге тағы да ұсыныстар жолдамақшы.

Асқар ОРАЗБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шараның мақсаты жастардың әлеуметтік сұрақтарын шешу және сапалы білім алуға жағдай жасау. Мемелкет басшысы да жатақханалардың жағдайын жақсартуды тапсырған болатын. Мониторинг нәтижесінде талдамалық анықтама жасалып білім басқармасы мен тиісті мекемелерге жолданады. Серіктес қаладардағы жатақханаларға да мониторинг жасалады.