Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түркістанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

17.08.2023ж. 20:00
1014
Түркістанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Елімізде балалар арасында бір күнде бес қылмыс жасалса, жылына 150 жеткіншек түрлі жазатайым жағдайға ұшырайды. Ал күн сайын 6 балаға қатысты қылмыс жасалып, үш жүзден астам адам тұрмыстық зорлық- зомбылыққа тап болады. Бұл туралы Түркістанда өткен жиында талқыланды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қоғамдағы өзекті проблеманы ашық мойындап, зорлық-зомбылыққа қарсы қоғам мәдениетін нығайту қажет, - деді.

 Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Бүгінгі іс-шараны арнайы киелі Түркістан жерінде ұйымдастыруымыздың себебі – осындай ауыр қылмыстың жұрт болып жиылып шешімін табу, қоғамда әдеп нормасын қалыптастыру, профилактика шарасын егжей-тегжейлі талқылап, азаматтық сектор, жауапты органдармен бірлесіп жедел іс-қимыл жасау. Бүгін арқаны кеңге салсақ, ертең кеш болуы әбден мүмкін.

 Басқосуда сондай-ақ, еліміздің барлық өңірінде зорлық - зомбылыққа ұшыраған отбасылар мен балаларға психологиялық көмек көрсететін орталықтар ашылатыны айтылды. Балалар құқығын қорғау комитетімен мектептерде Қауіпсіздік сабақтары да енгізілмек.

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:

Балардың қауіпсіздігіне қатысты және балаларға қарсы жасалған қылмыстар бойынша заңға жазаны қатаңдататын, жауапкершілікті күшейтетін өзгерістерді дайындадық. Заң жобасын дайындадық. Бұл заң жобасын сарапшылармен, үкіметтік емес ұйымдармен алдағы уақытта талқылайтын боламыз. Сонымен балаларға арналған мекемелерге қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда аймақтармен үш жылға жоспар дайындап жатырмыз.