Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«AMANAT» фракциясының мүшелері халықпен кездесті

«AMANAT» фракциясының мүшелері халықпен кездесті

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қанша қаражат аударылса да, қызмет көрсету сапасына көңіліміз толмайды». «AMANAT» фракциясының мүшесі Мұрат Әбеновке қызылордалықтар осылай деп базыналарын жеткізді. Тұрғындардың айтуынша, олар қан талдамаларын ақылы тапсырады. Білікті маман тапшылығы да бар. Аймақтың бірнеше аудандары мен шалғай ауылдарын аралап жүрген депутат бүгін Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда көпшілік толғандырған өзге де сауалдарын жолдап, жауап алды.

  Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 Негізгі мәселе біз осы уақытқа дейін парламентте атқарылған шаралар, қабылданған заңдар және екіншісі әрине, біз қоғамдыөқ пікір тыңдауымыз керек. Ең көп айтылатын проблемалар бүгінгі медициналық қызметр көрсету сапасы. Соның ішінде әлеуметтік сақтандыру медициналық қорының жұмысына көңілі толып жатқан жоқ.

Айнұр САБИРОВА, ТҰРҒЫН:

Көптеген заңдар қабылданды соның шет жағасын, барлығына, халыққа жеткізіп берді. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, сұрақтарына өте жақсы жауап берді деген ойдамын.