Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Республикалық «Көкпар» федерациясының құрметті президенті таныстырылды

17.08.2023ж. 20:00
1163
Республикалық «Көкпар» федерациясының құрметті президенті таныстырылды

Бүгін республикалық «Көкпар» федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт Қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты. Кездесуде федерацияның құрметті президенті таныстырылды. Бұл лауазымға Айдарбек Қожаназаров сайланды. Жиында көкпар спортының қоғамдағы маңыздылығы айтылып, алда жоспарлар сөз болды. Ережеге өзгеріс енгізу, қордаланған мәселелерді шешу секілді талқыланды.

Айдарбек ҚОЖАНАЗАРОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "КӨКПАР" ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ:

Федерацияға келгенімнің басты себебі,біріншіден, осы көкпарымызды заңды деңгейге шығару. Себебі, менің ойымша бұл спорт дұрыс бағаланбаған, өз деңгейінде дұрыыс бағаланбаған. Қазір біз алдағы уақытта Қазақстан чемпионатын өткізейін деп жатырмыз. Сол чемпионатқа қайтадан тәртіп әкеліп, ережелерін дұрыстап, сондай мақсатта келе жатырмыз.