Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Тойды сағыныппын": тойға шыққан Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті

AstanaTV
17.08.2023ж. 15:34
1464
"Тойды сағыныппын": тойға шыққан Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті

Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйінде ұсталып, темір торға отырып шыққан болатын. Осы оқиғадан кейін көрінбей кеткен әнші қайта тойға шыға бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Instagram парақшасында той қонақтарының ортасында ән айтып тұрған видеосын жариялады.

"Біреулердің көргені, сабақ болады. Біреудікі өзіне сауап болады. Ағайын, мен сіздерді қатты сағындым. Тойды да сағыныппын палаткадағы", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Ал желі қолданушылары әншінің жаңа жазбасына түрлі пікір білдірді.

"Сен баланың етің үйреніп кетті-ау. Төрт жол тақпақпен жарқ етіп, шыға келесің", "Сізді сағындық", "Аман бол", "Өзім қолдап отырамын", "Тыныш жүрсең, ешкім соқтықпайды", "Дым болмағандай қалай жүрсіз", "Сізді қайта көргеніме қуаныштымын", - деп жазды желідегілер.