$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Қор нарығында доллар тағы 7,90 теңгеге қымбаттады

AstanaTV
17.08.2023ж. 22:36
1589
Қор нарығында доллар тағы 7,90 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,90 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 463, 19 теңге.

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 454,30 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,70 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 461,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 465 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу құны– 466 теңге.

Ресей рублі 4,88 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.