Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

GTA ойыны секілді: Абай облысында жасөспірім полициядан қашқан сәт видеоға түсіп қалды

AstanaTV
17.08.2023ж. 23:19
1397
GTA ойыны секілді: Абай облысында жасөспірім полициядан қашқан сәт видеоға түсіп қалды

Абай облысында GTA ойынына ұқсас оқиға видеоға түсіп қалды. Мас күйінде көлік тізгіндеген жасөспірім оны тоқтатқысы келген полицейлерден жасырынуға тырысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Өткен түнде полицейлер көзге түскен ВАЗ көлігінен тоқтатуды талап еткен, бірақ тоқтаудың орнына жүргізуші жылдамдығын көбейтіп, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкерлері көліктің соңынан қуып, 20 минуттан кейін қызметтік УАЗ-бен жолды жабу арқылы жігітті ұстаған.

"Көлікті 17 жастағы алькогольдік сусынға мас жасөспірім жүргізген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған Telegram-арнада.