Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап қайтыс болды

AstanaTV
18.08.2023ж. 11:00
777
Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап қайтыс болды

Ақмола облысында ер адам кәріз құдығына құлап мерт болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Шортанды ауданындағы ауылдардың бірінде болған.

«Жазатайым оқиға түнгі уақытта, жеке үйдің ауласында болды. Туыстарына қонаққа келген 66 жастағы ер адам кәріз құдығына құлаған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.