Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жаңа жатақхана салынып жатыр

18.08.2023ж. 20:00
1190
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жаңа жатақхана салынып жатыр

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де студенттерді қабылдауға қызу дайындық жасап жатыр. Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету басты назарға алынған. Білім ошағында 5 жатақхана бар. 1365 студент орынмен қамтамасыз етіледі. Сонымен 500 адамға лайықталған жаңа жатақхананың құрылысы басталды. Егер орын тапшылығы туындаса «Көкшетау» қонақүйімен келісім-шартта жасалған. Оқу ордасында бүгінде 7 мыңнан астам студент білім алады.

 Ғалым БАЙТҮК, ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

Бірінші жылы адам үйреніп, жаңа қалада бағдарлануы керек. Біз сол үшін студенттерге барынша жағдай жасаудамыз. Себебі, олар әр өңірден келеді.