Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

AstanaTV
20.08.2023ж. 14:37
808
Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

Ақтауда ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатынан оқыстан құлап, мертігіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше қайғылы оқиға кеше түнде орын алған. Ақтаудағы 13 шағын аудандағы көпқабаттың үйдің ауласында болған жағдайдан кейін бірден жедел жәрдем келді.

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен 1978 жылы туған ер адам қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

"Науқас өте ауыр жағдайда. Оған қатысты тиісті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр", деп хабарлайды МО ауруханасының баспасөз қызметіндегілер.