Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

"Ялталық Хатико": өз иесін 12 жыл бойы күткен ит ажал құшты

AstanaTV
20.08.2023ж. 14:00
1060
"Ялталық Хатико": өз иесін 12 жыл бойы күткен ит ажал құшты

Ялталықтар Мұхтар есімді 14 жастағы итке ескерткіш орнатуды ұсынды. Бұл туралы amic.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мұхтардың иесі құтқарушы болып жұмыс істеген және осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған. Осы жылдар бойы ит өзінің иесін күтіп, жағалаудан кетпей қойды. Ол 12 жыл бойы өзінің иесін іздеумен өткен. Арасында жергілікті көше музыкантымен бірге ән айтып, көпшіліктің көзайымын айналады.

Тамыздың ортасында иттің де иесінің соңынан кеткені хабарланды.

Жергілікті халық "Ялталық Хатико" атанып кеткен итке ескерткіш орнату туралы ұсыныстарын айтып жатыр.