Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Әйел ерінің тегіне ауыспағаны дұрыс", - ҚМДБ

21.08.2023ж. 20:00
1040
"Әйел ерінің тегіне ауыспағаны дұрыс", - ҚМДБ

Тегінді ауыстыр. Кей азаматтар шаңырақ көтерген соң әйеліне осылай дейді. Бірақ, әрине, көпке топырақ шашпаймыз. Бәрі бірдей емес... Жалпы қыз бала отбасын құрған соң фамилия ауыстыруы қаншалықты дұрыс? Шариғатта қалай? Әріптесім Дәрібек Бахытбек зерттеп көрді.
Сымбат Ертаеваның тұрмыс құрғанына 3 жылдан асқан. Алғашында күйеуі тегін берген. Бірақ, ол бұған қарсы болды. Кейін балалы болғанда ойым өзгерді дейді.

Сымбат ЕРТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жұбайымның ұсынысымен тегімді ауыстыруға келіп отырмын. Бұрын үйленген уақытымызда бізде жұбайымның тегіне өтуге кішкене қарсы болған едім. Қазір балалы болғаннан кейін барлығымыз бір текте болу үшін осы жұбайымның тегіне өтуге келісім бердім.
Фамилия ауыстыру қиын емес. Халыққа қызмет көрсету орталығына өзіңізбен бірге жеке куәлік пен неке куәлігін апарасыз. Құжат құны- 690 теңге. Күйеуінің тегіне өту үшін күніне шамамен 5-6 адам келеді дейді мамандар.

Кенжегүль ЖАҚАНОВА, НҰРА АУДАНДЫҚ ХҚКО МАМАНЫ:
Міндетті емес жұбайымен бірге келу. Жалғыз өздері келсе қолыңда құжаттары болса, жұбайының тегіне өту туралы неке куәліктері болса, бұрынғы жеке куәліктері болса жетіп жатыр. Құжаттар 15 жұмыс күн аралығында дайын болады. Оны тездететіндер бар бір күндікі 5 мың теңге, үш күндікі 2700 теңге.
Тұрмыс құрған қыздың тегін ауыстырғанымен келіспейтіндер де бар. Халықтың пікірі екіге жарылды.

БЛИЦ-ОПРОС:
- Но енді жұбайының фамилиясына ауыстыру керек. Өйткені өмірлік жолдасың ғой ол сенің. Сомен бірге болуың керек. Соның жағына көнуің керек.
- Негізі шариғат бойынша өз фамилиясында қалған дұрыс деп ойлаймын. Ол шариғатта да бар.
- Мен ойлаймын бұл дұрыс.
Ал, ҚМДБ мамандары әйел өз тегінде болғаны жөн дейді. Егер сол әулетті таныту мақсатында болса ғана рұқсат.

Ерғали БАЙДІЛДАЕВ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Енді ол түбегейлі тегінен бастап немесе жанағы әкесінен бас тарту деген жоқ. Тек қана өзің сол текке өтіп соны таныту үшін ғана. Бұл жері нақты таныту бойынша шариғатқа қайшы келмейді. Ал, өзінің тегінен, әкесінен атынан бас тартып жоқ оны мойындамай ауысам десе дұрыс болмайды. Ең дұрысы сол өз тегін ауыстырмаған жақсы.
Ең бастысы, күйеуінің фамилияңды ауыстыр деп әйелін үгіттеуге қақысы жоқ. Ол -өз қалауы. Ал әр адамның өз тегінде қалуы қасіреттен сақтайды.