Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қостанайда веложарыс өтті

21.08.2023ж. 20:00
919
Қостанайда веложарыс өтті

Тобыл өңірінде спорт күніне орай жыл сайын веложарыс ұйымдастырылады. Бұл жолы да елуден астам велошабандоз сайысқа түсті. 50 шақырым қашықтықты еңсеріп, алға озғандар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жарысқа 13 жастағы жеткіншектен бастап жетпістегі қарияға дейін қатысты. Серікбай ақсақал алпыс жылдан бері велосипедті серік еткенін айтады. Күллі Қазақстанды аралап шықтым дейді.

Серікбай ЖИЕНАЛИН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Салауатты өмір салтына велосипед адамның барлық бұлшық еттерін шыңдайды.Дене мүшесі барлығы қозғалады мысалы шынын айтқанда. Демалу. Бұлшық еттері.Аяқ,қол мысалы.Өте пайдалы.

Жарысқа Қостанай, Рудный, Жітіқара велосипедшілері қатысты. Спорттық шараны «Қостанай»велоқоғамдастығы» ұйымдастырып отыр.5 жыл бұрын құрылған бірлестік өңірде шосселік велоспорттың дамуына сүбелі үлес қосуда.

Бауыржан ТИБЕЕВ, «ҚОСТАНАЙ» ВЕЛОҚОҒАМДАСТЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақ елінде азаматар мықты болу керек.Денсаулықтары жақсы болу керек. Соған байланысты ғой. Бәрі де спорт шебері болмаса да, ертең мықты жігіттің мақсаты да биік болады деп ойлаймын.

Қауымдастық өкілдері алдағы уақытта Амангелді батырдың 150 жылдығына орай веложарыс ұйымдастырмақ.Ал бұл жолғы жеңімпаздарға демеушілер тарапынан ақшалай сыйлық беріліп, спорт басқармасының грамотасы табысталды.