$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«АМАNАТ» партиясының "TOMIRIS" жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы тақырыбында семинар-тренинг өтті

21.08.2023ж. 20:00
1314
«АМАNАТ» партиясының "TOMIRIS" жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы тақырыбында семинар-тренинг өтті

«АМАNАТ» партиясының "TOMIRIS" жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аманаттықтар бұл шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, сондай-ақ Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігімен бірлесіп, Әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асыруда. Биыл жобаға қатысу үшін 300-ден астам әйел өтініш берген. Соның ішінен 42-сі іріктелді.

Әйгерім ДӘУЛЕТБАЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «TOMIRIS» ЖОБАСЫНЫҢ БЫЛТЫРҒЫ ҚАТЫСУШЫСЫ:

  Тараз қаласында 16 орталығы бар. Ол жақта 53 тен астам адам жұмыс жасайды. Оның 30 дан астамы мүгедектігі бар адамдар. Сол бойынша жоба жаздым. Қазірге таңда Жамбыл облысы, Тараз қаласында жоба іске асырылып жатыр. "Томирис" жобасында көп нәрсені бізге үйретті.

Ләззат СҮЛЕЙМАН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы әйелдер көшбасшылығы біздің елімізде Орта Азия елдерімен салыстырған кезде алдынғы қатардамыз деп айтамыз. Сондықтан да өзіміздің ішкі резервтерімізді дамыту үшін үлкен-үлкен мүмкіндіктеріміз де бар. 2010 жылдан бастап 22 жылға дейін ұлттық комисия барлық мәслихаттарды, аудандық мәслихатта, облыстық мәслихатта әйелдердің болуын бақылауға алды. Жүйелі көшбасшылық жұмыс жүргіздік. Соның арқасында мысалы 10% дын арасында 2010 жылы әйелдер болса мәслихаттарда қазір 2022 жылы біз 30% ге дейін жеткіздік.