Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматы облысында сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан білім нысандары жөнделіп жатыр

21.08.2023ж. 20:00
892
Алматы облысында сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан білім нысандары жөнделіп жатыр

Алматы облысында 12 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Көбісінің тозығы жеткен, шәкірт оқытуға жарамсыз деп танылған. Оған қоса, бұл мектептер сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Күрделі жөндеу кезінде бұл мәселе ескеріледі. Құрылыс жұмыстарына 12,1 миллиард теңге қарастырылған. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша келер жылдың наурыз айында аяқталуы қажет. Мердігерлер биылғы жылдың соңына дейін бітіреміз деп отыр.

Айбек БИДАЕВ, ТАЛҒАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мектеп 60-шы жылдардың басында салынған мектеп болатын. Сол жылдан бері қарай ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүрмеген. Қазір бұл 640 орындық, сол орын сақталады. 640 бала бүгінгі күнде осы жерде ескі мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары өткізілген болатын сол жерге барып, оқылады.

Қала іргесіндегі білім ордаларында орын тапшылығы- басты мәселе. Тіпті үш ауысымда білім беретіндері бар. Бұл мәселе «AMANAT» партиясының назарында. Жол картасына енгізілген жоспарларды орындау мақсатында білім беру нысандарын аралады. Оқу жылына дайындықтарын тексерді.

Жанарбек ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен енді былтырғы жылы да, алдыңғы жылы да аралап жүргенде, аралас мектептердің, 3 ауысымды мектептердің проблемасы өңірлерде бар. Мектептердің түгел әр аудандағы, әр бөлімшедегі, ауылдардағы әсіресе мектептердің жағдайын көріп, көпшілігі күрделі жөндеуге жабылған. Мына қаланың іргесіндегі мектептердің мәселесі күн тәртібінде тұр, жеделдетіп бұны шешу керек. Әсіресе Талғардың, Еңбекшіқазақтың, Іле ауданының. Өйткені бұл жерде бізде саяжайдағы азаматтардың көпшілік балаларының проблемасы, оларды тасу бар.