Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің алғашқы павильондары тапсырылды

AstanaTV
31.10.2016ж. 20:00
2801
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің алғашқы павильондары тапсырылды

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің алғашқы павильондары тапсырылды. Енді Қытай, Франция, Германия, Венгрия және Түркия өз экспонаттарын орнататын болады. Алғашқы екеуі тіпті баспаналы болып үлгерді. Шетелдік қонақтарға арналған үйлер де бүгін алғаш беріле бастады. ЭКСПО көрмесінің басшысы Ахметжан Есімов мұны «тарихи сәт» деп атап, қатысушы елдер үшін бар жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы:

Миланда өткен көрмеде әр мемлекет өз павильонын өзі салу керек болған. Кейбірі тіпті көрме басталған уақытта да салып жатты. Ал біз, міне, екі жүздей күн бұрын дайындап, тапсырып жатырмыз. Өтініш берген елдердің келіп, жұмыстарына кіре беруіне жағдай жасалып жатыр. Біз өз жұмысымызды атқардық.

Көрме келер жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. Бүгінде ЭКСПО көрмесіне қатысуға 105 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым өтініш берген. Оған 5 млн-ға жуық адам келеді деп жоспарланған. Шетелдік меймандарға арнап салынған пәтердің 40-ы дайын. Ал барлығы 750 пәтер салынбақ. Олар Голд және Сильвер, яғни алтын және күміс деген екі класқа бөлінген. Бағасы Астанадағы қонақ үй нарығынан сәл төмендеу, тәулігі 40-70 мың теңге аралығында болады. Көрме өткеннен кейін пәтерлер сатылымға шығарылмақ.

Ғалымжан Қарымсақов, «ЭКСПО қалашығының» басқарма басшысы:

Екеуінің айырмашылығы бар, ол мебельдің сапасы. Голд класстың мебелінің сапасы өте жоғары. Желтоқсан айында қонақтар келе бастайды, Қытай елінен, Франциядан. Финляндия, Швейцария елдері қазір дайын кіруге.