Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды

22.08.2023ж. 20:00
24350
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аяқталды. Сапардың соңғы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао ауылына барды. Екі ел басшысы керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысып, өз қолдарымен қыш құмыра жасады.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Goertek өндіріс кешенінің жұмысымен танысты. Қазір бұл компанияда 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорынның жылдық орташа табысы 2,8 миллиард долларға жетеді. Сондай-ақ Президент Провинциялық комитеттің хатшысы Нгуен Ань Туанмен де кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Вьетнамның және бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияның интеллектуалдық-өндірістік хабы саналатын Бакнинь провинциясымен тығыз қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін айтты.