$491.7 €531.28 ₽5.07
×

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы рейд өткізді

AstanaTV
01.11.2016ж. 20:00
3125
«Нұр Отан» партиясының  Қостанай облыстық филиалы рейд өткізді

Ережені пысқырмаған қостанайлық жүргізушілерге қомақты айыппұл салынды. Олар мүгедектерге арналған белгісі бар жерге көліктерін қойғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлейтін болды. «Нұр Отан» партиясының өңірдегі өкілдері бүгін жол сақшыларымен бірлесіп, кембағал жандарға кедергі келтірген көлік иелерін анықтады.

Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткізілген кезекті рейдтік шара мемлекеттік кірістер департаментінің автотұрағында басталды. Мұндағы мүгедек жандарға арналған орынға қойылған көліктердің жол сақшылары жүргізушілерін таба алмады. Сондықтан көліктердің мемлекеттік нөмірі тәркіленіп, иелеріне ескерту парағын қалдырды. Автотұрақтағы арнайы орынның бос болмауы арбаға таңылған кембағал жандарға үлкен кедергі келтіреді, - дейді Қостанайдағы қоғамдық бірлестік өкілдері.

Дүйсенғали Оспанов, «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Көптеген автожүргізушілер тек ғана жол ережесін емес, сонымен қатар біз секілді мүгедек жандардың құқығын бұзып отыр. Өйткені бізге мұндай тұрақтар өте керекті нәрсе. Мына арбадан түсіп-мінуге арнайы ыңғайлы етіп жасалған. Сол үшін біз бұл орындарды пайдаланамыз.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы кедергіні жою мақсатында жыл басынан бері төрт рет рейд өткізген. Жиі ереже бұзылатын орындарды жіті бақылауға алынған. Соның арқасында мүгедектерге арналған тұраққа көлік қоятындар азайды, - дейді шараны ұйымдастырушылар.

Олжас Дүйсеков, «Нұр Отан» партиясы  Қостанай облысы филиалы саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі:

Тек қана автожүргізушілерге айыппұл салу емес. Шараның мақсаты - алдын -алу және тұрғындарға түсіндіру. Өйткені мынау автотұрақтар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өте қажет болып тұр. Көптеген әлеуметтік желілерде,  біздің  партияның Қостанай облыстық филиалдың  твиттер, фейсбук болсын, жалпы аккаунттарымызға әрдайым осындай көптеген фотолар түседі. Осы автотұрақтарды дұрыс пайдалану жайында.

Заңғар САНАЙ