Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Африкада безгек ауруына шалдыққан маңғыстаулық азамат елге оралғаннан кейін көз жұмды

AstanaTV
23.08.2023ж. 14:01
693
Африкада безгек ауруына шалдыққан маңғыстаулық азамат елге оралғаннан кейін көз жұмды

Ол шетелге шығар алдында алдында ешқандай профилактикалық егулер жасамаған

Африкада безгек ауруына шалдыққан маңғыстаулық азамат елге оралғаннан кейін көз жұмды

Тамыз айында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны шетелде безгек ауруына шалдығып, елге келгеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Гүлфара Кәрімова мәлімдеді.

Бейнеу ауданының 58 жастағы тұрғыны Африкаға жұмыс сапары кезінде безгек ауруына шалдықты. Белгілі болғандай ол шетелге шығар алдында ешқандай профилактикалық егулер жасамаған. Аталған ауру тропикалық елдерде кең таралған, яғни Африка, Оңтүстік Америка, Азия және Таяу Шығыс сияқты тропикалық және субтропикалық климаты бар аймақтарда жиі кездеседі.

«Безгек кең таралған елдерге баратын ҚР барлық азаматтары алдын ала міндетті түрде дәрігерге барып, безгек бойынша кеңес алуы керек», - деп атап өтті маман.