70 мың студент далада қалуы мүмкін. Өйткені жатақханаларда орын жетіспейді. Студенттер пәтер жалдауға мәжбүр. Алайда, олар үшін бұл да оңай емес. Себебі, жалға берілетін баспананың құны аспандап тұр. Әріптестерім жатақханаларды аралады, пәтер бағасын бағамдады.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Қазір біз елордадағы белгілі-бір жатақханаға келдік. Мұндағы жағдайды өз көзімізбен көргіміз келіп тұр. Оқу жылының басталуына санаулы ғана күндер қалды. Бір аптаның ішінде стиденттер жатақханаға орналасып үлгеруі керек. Бұл – студенттерге арналған ас үй. Унитаздан су ақпайды. Жақынырақ көрсек болады. Мұндағы құрылысты былай қойғанда қолқаны қапқан иіс мүлдем демалдырмай тұр. Канализацияның иісі кәдімгі. Жуыну бөлмесі. Лас. Су да ақпайды. Бір аптадан кейін студенттердің немен жуынатынын елестету де қиын. Төбенің де жәй-күйі осы. Бұл – студенттер жатататын орын. Мұны ешқандай норма сақталмаған. Есікті қойып койған. Бұл бөлме негізі балкон. Бірақ ,құдды бір қойма секілді. Сынған жиһаз барлығын табуға болады. Сынған әйнек.
5 күннен кейін студенттерді жатақханаға орналастыру басталады. Бірақ, мұндағы құрылыс жұмыстары әлі бітпеген. Тек жоғары қабаттары ғана дайын. Жауаптылар студенттер, әзірге, сол бөлмелерде тұрады – деді. Бірақ, меңгерушінің әлі жұмысы бітпеген жерге адамдарды қазірдің өзінде жайғастырып қойыпты.
Енді қызықты қараңыз. Негізі студенттер 28-нен кейін ғана жатақханаға орналаса алады. Бірақ қазір біз бір бөлмеге келдік. Мұнда адамның заттары тұр. Адам тұрып жатыр.
Біраз адамның қолы жетпеген жатақхананың сиқы – осы. Білім алушылар шаң-тозанның арасында тұрып жатыр. Хош, келесі жатақханаға жол тарттық. Болашақ дәрігерлер тұратын студенттер үйі 2011 жылы ашылған. 1200 білім алушы ғана тұра алады. Олардың қатарында...
Роза МАРАТҚЫЗЫ, ЖАТАҚХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
Жетім балалар бар. Көпбалалы аналар, қамқоршысынан айырылған деген сияқты бірінші соған қараймыз. Содан кейін 1-курс студенттері алынады.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Жатақханада тұру үшін студенттер айына 17 мың теңге төлейді. Бір бөлмеде екі студент жата алады. Студенттердің ас бөлмесі. Мұнда тамақ дайындайды, қалауларынша, ыдыс-аяқтарын осында жуа алады. Сулары ағып тұр. Әрине, жатақхананың ескі екені байқалады. БІрақ санитарлық нормаға қайшы келетін тұстарын байқамадық.
Былтыр еліміз бойынша 87 мың студентке орын жетпеген. Кейін оның 9 мыңын қонақ үйлер мен хостелдерге орналастырды. Биыл да бұл үрдіс жалғасады. Студенттер үйінен қағылғандардың басым бөлігі Алматыда. Олардың саны – 33 мың. Астанада да жағдай мәз емес.
Аружан БАХИТОВА, ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
15 мың студент биыл жатақханаға жату керек деген негізгі потребность бар. Негізгі дайыны 13 мың. Қазіргі уақытта 1200 орын жетіспеушілігі бар.
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Арман қуып бас қалаға келдік. Астананың өзінен жатақхана таппай, сандалдық. Ала сөмкені арқалап, белі бүгілген білім алушылар, енді не істейміз? Амал жоқ, жалдамалы пәтер іздейміз. /ала сумканы тепшектен итеріп жіберемін/
Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Ай, қайдам. Бұл ала сөмкені арқалап біршама жүретін сияқтымыз ғой. Тұратын жер табу оңай емеееес. Өйткені, дәл қазір жалдамалы пәтердің құны шарықтап тұр. Жыл да солай. .
Нұрай - 2 курс студенті. Айтуынша, студент үшін пәтер жалдау өте қиын. Бірақ, жатақханадан орын ала алмаған соң, басқа амалы жоқ екенін айтады.
Нұрай МҰҚАШЕВА, СТУДЕНТ:
1 жыл жатақханада тұрғанмын. Екінші жылы жатақхананы бермеу мәселесіне байланысты квартираға көштік. Бағасы 180 мың. 4 қыз тұрамыз. Әрбірімізден 45 мың шығады. Студент үшін қомақты қаржы деп есептеймін өз басым. Жүріс-тұрысымыз бар. Жейтін тамағымыз бар. Киім кешегіміз бар.
Ия, 36 мың теңге шәкіртақы алатын студент ақшасын қайда жеткізеді? Стипендия жалдамалы пәтердің жарты құнын да ақтамайды. Елордада 1 бөлмелі пәтер ақысы бір айға 130-150 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер 180 мың теңгеден басталады. Ал Алматыда орта есеппен 1 бөлменің өзі 200, 2 бөлмелі 300 мың теңге шамасында. Шымкент мен Ақтөбеде 2 бөлмелі пәтерді жалдау құны- 130-150 мың теңге. Қарағандыда 150 мыңнан басталады. Риэлторлар жалдамалы пәтер бағасы жылдан жылға қымбаттап келе жатқанын айтады.
Айдос ОҢЛАСЫНОВ, РИЭЛТОР:
Жалдамалы пәтерге сұраныс артты. Салдарынан баға көтеріліп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, студенттер келсе, жыл да баға қымбаттайды. Көбісі жастарға пәтерін жалға бермейді. Ал беретіндер қымбат сұрайды. Сол себептен студенттерге үй табудың өзі қиынға соғады.
Мен де баспанасын жалға берушілерге хабарласып көрдім.
ЖАЛҒА БЕРУШІ:
- Студенттерге бересіздер ма?
- Жоқ, студенттерге берілмейді. Тек жаңа құрылған семьяларға ғана береміз.
- Өзім үш бала боп тұрамын. Үшеуміз ағайындымыз, аға. Барлығы осылай айтып жатыр. Квартира таппай кеттік. +Көшеде қалмайтын шығармыз, аға ...
- Маған да басында сүйтіп айтқан. Ойбай, ағасы, 1-ақ баламыз, 2-ақ баламыз деп. Сеніп алғаннан кейін, арасында тексеріп тұрасың ғой. Барған кезде сондай боп қалады. Содан кейін студенттерге сенбей қалғанбыз. Айып етпеңіз!
Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Жатақхана жоқ, пәтерді де таба алмадық. Енді не істейм? Туған-туысты жағалап көрейін..... Бірақ, үйелмелі-сүйелмелі бала-шағасымен құрқылтайдың ұясындай бөлмені жалдап жүрген олардың өзі кіргізе ме, кіргізбей ме.....