Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астана көркейеді, жаңа үйлер салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

23.08.2023ж. 20:00
757
Астана көркейеді, жаңа үйлер салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

Астана көркейе түспек. Бас қалада жаңа үйлер салынып жатыр, абаттандыру жұмыстары қарқын алмақ. Бұл жұмыстар 2035 жылға дейін жоспарланып отыр. Елорданы дамытудың бас жоспары талқылауға шығарылды. Мамандар көзделген шараларды айтса, тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Астананың бас жоспарын талқылауға сәулетшілер, құрылысшылар, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары жиналды. Онда елордада жанадан бой көтеретін нысандар, абаттандыру шаралары талқыланды. Қалада 8 мың гектар жерде құрылыс жүріп жатыр.


Рүстем ЖАҚЫПОВ, "АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ" ҒЗЖИ ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Қазір қала Мыңжылдық аудан жақтар игеріліп жатыр. Және Тұран бой жағындағы батыс жағы Тұранның Сапиго деп аталады үшінші район сол жақтарда игеріліп жатыр. Қаланың шегерасы үлкейіп жатқан жоқ. Сол көлемде қалды. Бірақ сол құрылыс халық санының көбеюіне байланысты және де актуалды үш районда дамуына байланысты көлемі кішкене үлкейіп жатыр.

Бас қаланы көркейтуге тұрғындар да атсалысуда. Оралбек Өтеғұлов алқалы жер асты метросын салуды ұсынды. Айтуынша, бұл пікірді ешкім құптамаған. Сондай-ақ, ол мегаполисте ескі үйлердің көп екенін айтып, оларды бұзып орнына жаңа заманауи баспаналар салу керек дейді.


Оралбек ӨТЕҒҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Сүріліп тасталатын үйлер аз екен. Яғни бас жоспарды 2035 ке дейін деп жасайды да, ал көптеген үйлерді 2050 жылға қарай сырып тастайды. Қаланың сәнің құртып тұрған үйлерді сүріп тастау керек еді. Жаңа құрылыс салу керек еді орнына.

Айта кетейік, қалада абаттандыру жұмыстарына да ерекше назар аударылады. Ағаштарды отырғызу технологиясы Германия, Норвегия және Швеция тәжірибесіне негізделген еуропалық технологиялар бойынша жүргізілмек.


Данияр ШЫҢДАЛИЕВ, УРБАНИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл схема сонымен қатар көшелерді, тротуарларды, жаяу жүргіншілер мен қоғамдық кеңістіктерді трендтер бойынша дамытуды көрсетеді, әрине, шетелдік тәжірибе. Біз Мәңгілік ел, Сығанақ, Бейбітшілік секілді ірі көшелер көбірек ағаш егуді жоспарлап отырмыз. Желтоқсан, Бұқарбай батыр көшелері де қамтылады.

Бас жоспарды талқылау 25 тамызда аяқталады.