Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Алматыдағы ХҚКО ғимараттарының дені жөндеуді қажет етеді»,- «AMANAT» партиясының мүшелері

23.08.2023ж. 20:00
601
«Алматыдағы ХҚКО ғимараттарының дені жөндеуді қажет етеді»,- «AMANAT» партиясының мүшелері

"Алматыдағы Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтары нысандарының дені -ескі". "AMANAT" партиясы бақылау департаментінің мамандары орталықтарға мониторинг жүргізіп, олқылықтарды анықтады. Мегаполистің төрт ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары әкімдіктерге қарайды. Ал шенеуніктер мекемелердің жағдайына көңіл аудармайтын көрінеді. Бақылаушылар барлық өңірді аралап, алматылық мекемелердің жағдайы ең төмен деп бағалады. Мұнда төрт орталық жөндеуді қажет етеді. Ал әкімдіктер бұл жұмыстарды жүргізуге асығар емес. «AMANAT» партиясының мүшелері мәселені бақылауға алды. Алдағы уақытта тұрғындар қызметтерді сапалы, жылдам және бастысы қауіпсіз жерде алу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі.


Айжан ЫСҚАҚОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

 «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы қаражаты болса да, бұл жөндеу жұмыстарын теңгерімге алмай жасай алмайды. Ғимарат әкімдіктің балансында болғандықтан олар артық ештеңе істей алмайды. Кейбір ұсақ жұмыстар жүргізіліп жатқаны анық. Бірақ толық жөндеу жасайтын уақыт келді. Ғимараттар 5-6 жыл бұрын салынған, жөндеу қажет, қаншама адам күнде кіріп-шығады.