Қызылжарда қала тұрғындары көше бойында шашылып жатқан табыттарды тауып алды. Жұрт ағаш жәшіктің суретін әлеуметтік желіде жариялап, қызу талқылауда. Ізінше полицейлер табылған заттың иесін іздеуге кірісті. Нәтижесінде табытты Қызылжар орталық мешітінің ішіндегі мәйітхана қызметкелерінің тастағаны белгілі болды. Тексерістен соң жұмысшылар табытты қайтадан ғимараттың ішіне кіргізіп қойғандарын хабарлады.