Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Динара Қырықбаева балаларының әкесіз өсіп жатқаны алаңдататынын айтты

AstanaTV
23.08.2023ж. 21:30
2044
Динара Қырықбаева балаларының әкесіз өсіп жатқаны алаңдататынын айтты

Өнермен қош айтысып, күйеуімен ажырасып кеткен Динара Қырықбаеваның жеке өмірі көпшілікке қызық. Динара оқырман сауалдарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Динара Қырықбаева өзіне екінші рет тұрмысқа шығу туралы сұрақтың жиі қойылатынын жасырмады.

“Шынымды айтсам, өз адамымды кездестірмедім. Асығыс, “тұрмысқа шығу керек” деген оймен отбасы құрғым келмейді. Тұрмыста болдым, ненің, қалай болатынын білемін. Балаларым бар. Кейде ұйықтар алдында “балаларым әкесіз өсіп жатыр, әкенің жоқтығы білінеді” деген ойлар мазалайды. Бір жағынан ештеңе өзгерте алмайсың. Менің болашағым алда, өз адамымды кездестіремін деп ойлаймын”, – дейді Динара.

Оқырманның: “Сіздің мамандығыңыз қандай? Қай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?” деген сауалына ол: “Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмәмдағанмын. Мамандығым экономист-есепші”, – деп жауап берді.